Түркістан: Сауран ауданында сапар мұражай кешенінің ашылу рәсімі өтті

0
Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінде «Ғашық Жүсіп ата» музейінің ашылу рәсімі өтті. Аталған шара аясында «Ғашық Жүсіп ата музейі және Иқан Ғұлама ғалымдары мирасы» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Шараға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев, Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, филология ғылымының докторы, профессор Қ.Ергөбек, мемлекет және қоғам қайраткері Р.Халмұратов, шараны ұйымдастырушы Р.Абдусаттаров сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Сапар» мұражай кешенінде екі мұражай залы, әкімшілік бөлме, қонақтар бөлмесі, демалыс аллеясы бар. Барлық құрылыс және абаттандыру жұмыстары кәсіпкерлердің қолдауымен жүргізілген. Кешен «Ғашық Жүсіп ата» зиярат орнына келетін саяхатшылар үшін сервистік қызмет ету мақсатында салынған. Бұл кешенде көне Иқан тарихы, Ғашық Жүсіп ата өмірі мен мұрасы, ғалым-ғұламалардың тарихы мен мұрасы, жалпы қазақ даласының тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіншілік бар.
Шара барысында келген қонақтар «Ғашық Жүсіп ата» кесенесіне зиярат жасады. Одан соң «Сапар» мұражайының ашылу салтанатына қатысып, оның жұмысымен танысты. Кейін «Ғашық Жүсіп ата музейі және Иқан ғұлама ғалымдары мирасы» атты конференцияға жалғасты. Шара соңында ата-бабалар рухына дастарқан жайылып, Құран бағышталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
___
ТУРКЕСТАН: В САУРАНСКОМ РАЙОНЕ СОСТОЯЛОСЬ ОТКРЫТИЕ МУЗЕЙНОГО КОМПЛЕКСА «САПАР»
В сельском округе Ескі Икан Сауранского района состоялось открытие музея «Жүсіп Жүсіп ата». В рамках данного мероприятия была организована научная конференция « Ғашық Жүсіп ата музейі және Иқан Ғұлама ғалымдары мирасы».
В мероприятии приняли участие секретарь Туркестанского областного маслихата К. Балабиев, аким Сауранского района г. Рысбеков, доктор филологических наук, профессор К. Ергобек, государственный и общественный деятель Р. Халмуратов, организатор мероприятия Р. Абдусаттов.
Музейный комплекс «Сапар» включает в себя два музейных зала, административное помещение, гостевую комнату, аллею отдыха. Все работы по строительству и благоустройству проведены при поддержке предпринимателей. Комплекс построен с целью сервисного обслуживания путешественников, прибывающих на место паломничества «Жүсіп Жусуп ата». Здесь можно получить информацию об истории Древнего Икана, жизни и наследии Жусупа ата, трудах ученых, истории казахской степи в целом.
В ходе мероприятия гости совершили паломничество к мавзолею «Ғашық Жүсіп ата». Затем они приняли участие в церемонии открытия музея «Сапар» и ознакомились с его работой. Затем продолжилась конференция. В конце мероприятия был накрыт дастархан в честь предков и прочитан Коран.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ПІКІР ЖАЗУ