Түркістанда қоғамдық көліктерде кітап оқу насихатталды

0
3-7 қазан аралығында Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «FarUp zhastar» жобасы аясында «ZhasTimes – біз бастаймыз» апталығы өтті.
Апталық аясында кітапхана жастары түрлі бағытта бірнеше шара өткізді. Атап айтсақ, «Денсаулық – active life» тақырыбында кітапхана қызметкерлері бой сергіту мақсатында оқырмандармен бірге дене жаттығуларын жасап, зор серпін сыйлады. Ал «Адалдық – ардың ісі» атты жәрмеңке өздері дайындаған тәттілерді қолжетімді бағада сатып, түскен қаржыны «Жақсылық жасауға асық» жәшігіне салып отырды. «Айналаңды гүлдендір» бағыты бойынша кітапхана қызметкерлері бірлесіп бөлме гүлін отырғызды. Осылайша білім алушылар мен оқырмандар үшін таза тынысты әсем жағдай жасауға ат салысты. «BusTimes» бағыты бойынша кітапхана жастары қоғамдық көліктегі жолаушыларға (қала тұрғындары) жаңа технологиялы руханият ордасының мүмкіндіктерін айтып, кітап оқуға шақырды. «Көмекке дайын жастар» бағытында кітапхана жастары қаланың тазалығы мен көркеюіне аянбай еңбек етіп жүрген «Жасыл ел» ұжымына барды. Олардың тазалық жұмыстарына көмек көрсетіп, жастар атынан жылы шәйларын ұсынды.
«Жүректен – жүрекке» атты аталмыш апталықтың қорытынды кешінде «Жақсылық жасауға асық» жәшігі мен «Адалдық – ардың ісі» шарасында жастардың тәттілер сатып жинаған қаражаттары және кітапхана басшылығы мен ұжымдастардың қолдауы – төрт баланы жалғыз өсіріп отырған Наргиз есімді жанға ақшалай қаражат табысталды. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері ән шырқап, балалардың көңілін көтерді. Сондай-ақ бүлдіршіндерге мультфильм көрсетіліп, тәттілер үйлестірілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ