Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жиын пункті ашылды

0

Жаңа ғимаратта ауданның әскерге шақырылатын жастарына алғашқы зерделеу мен медициналық тексеріс жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті әкімшілік және қызметтік үй-жайлармен, медициналық жарақтармен жабдықталған. Мұнда қыркүйек айынан басталған күзгі әскерге шақыру науқаны аясында шақыру комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

 Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

 Жиналғандар алдында сөз алған аймақ басшысы армияның елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ қазақстандықтардың тыныштығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен бірге Дархан Сатыбалды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұжымын осы маңызды оқиғамен құттықтап, жергілікті әскери басқару органдарының Қарулы күштердің халықпен өзара іс-қимылын қалыптастыруда одан әрі нәтижелі жұмыс істейтініне сенім білдірді.

 Іс-шара Созақ ауданындағы әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің күшімен дайындалған концертпен жалғасты.


ПІКІР ЖАЗУ