Кентау: Тіл мерекесіне орай А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы аталып өтті

0
4

Елімізде 5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне байланысты өткізілген «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты шығармашылық кеш Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен қатар келді.

Мерекелік шара аясында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысушыларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, қалада тілдерді дамыту бағытында атқарған жұмыстары үшін бірқатар тіл жанашырларын қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қала жастарына Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы таныстырылды.

Айта кетейік, 5 қыркүйек қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы мен Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күнін біріктірген атаулы күн болып табылады.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ