Созақ: Спортшылар марапатталды

0

Бүгін Созақ ауданында спорт күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен шараға спортшылар мен жаттықтырушылар, сондай-ақ ардагер спортшылар қатысты.

 Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов,  құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға жылы лебізін арнады.

 – Баршаңызды тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барша спортшылар, жаттықтырушылар, өмірлеріне спортты серік еткен жандар үшін ерекше мереке. Балалар жылы мен спорт күніне орай, биіктен көрініп жүрген жас спортшыларды құттықтауға рұқсат етіңіздер – деді.

Аудандық әкімдік атынан үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс хат табыс етіліп, сый – сияпат жасалды. Бірқатар спортшыларға аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараевтың алғыс хаты табысталды.

 Созақтық спортшылар облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып, биік орындардар көрініп келеді. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, Созақ ауданның құрметті азаматы Анарбай Шәдібеков пен Мыңжасар Асқаров, Жетілген Сармантаев құттықтау сөз сөйледі.

Бүгінде грек-рим күресінен Серікбай Әсет, еркін күрестен Нұрлыбек Талғатұлы, гір тасын көтеру Баби Орынбасар биік белестерді бағындырып жүр.


ПІКІР ЖАЗУ