Арыс: қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

0
9

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бекітілген кестеге сәйкес қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Тиісті сала жетекшілерінің қатысуымен өткен шараға жергілікті 12 азамат жеке өтінішпен келді.

Қабылдауға алдын ала жазылып, өтініштерін айтқан қала тұрғындары тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмысқа орналасу, жол салу және түрлі әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін алға тартты.

Олардың ұсыныс-тілектерін қағазға түсірген шаһар басшысы тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтып, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ