Жетісай: бөлімге жаңа басшы тағайындалды

0

Біраздан бері бос тұрған Жетісай ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне Ташева Тамара Аханқызы тағайындалды. Жаңа басшыны аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов ұжымға таныстырып, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ташева Тамара Аханқызы 07.08.1974 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы.

27.06.2001 – 28.10.2002 жылдары Мақтарал аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы;

05.11.2002 – 19.04.2004 Мақтарал ауданы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы;

19.04.2004 – 28.02.2005 Мақтарал ауданы әкімі аппаратының аумақты дамыту және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы;

28.02.2005 – 14.06.2012 Мақтарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы;

14.06.2012 – 06.08.2013 Мақтарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;

06.08.2013 – 29.10.2013 Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы;

29.10.2013 – 16.08.2017 Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округінің әкімі;

16.08.2017 – 27.11.2017 Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы;

27.11.2017 – 07.09.2018 Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округінің әкімі;

07.09.2018 – 12.08.2019 Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округінің әкімі;

12.08.2019 – 11.05.2020 Мақтаарал ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

11.05.2020 жылдан күні бүгінге дейін Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.


ПІКІР ЖАЗУ