Сарыағаштық оқушы республикалық олимпиадада жүлделі орынды иеленді

0

Алғаш рет биылғы жылы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №63 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Пердеш Адина  2-орынды иеленді. 

Республикалық кезеңге жолдама алған сарыағаштық бұрымды жаратылыстану бағыты биология пәнінен  сынға түсіп,  жүлделі орынға жайғасты.

Жетекші мұғалімі — Кемелова Ұлжан Әбдімалікқызы

Білім додасының ақтық кезеңінде де дарындылығын танытқан Пердеш Адинаны жеңісімен құттықтаймыз!


ПІКІР ЖАЗУ