Дархан Сатыбалды мыс өндіретін зауыт құрылысы бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізді
Түркістан инвесторлар үшін тартымды өңір. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жалпы қуаттылығы жылына 120 мың тонна мыс өндіретін зауыттың құрылысы бойынша «Sharq Tubes» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Облыс әкімі Түркістан өңірінің бизнесті дамытуға қолайлы тұстарын жеткізді. Инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Тараптар ірі жобаны Түркістандағы «TURAN» АЭА аумағында жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Инвестициялық жобаның бастапқы кезеңіне 40 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы қаралған. Жобаның жалпы құны 180-200 млн. АҚШ долларын құрайды. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ҚХР-дан ENFI Engineering и Hangzhou Sanal Environmental Technology сияқты 2 компания қарастырылуда.
– Біздің басым бағыттарымыздың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта бар мүмкіндікті қарастырамыз. Бұл жоба экономикамыздың өсімін арттыруда жақсы серпін бермек. Біз бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсетеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Аймақ басшысы жергілікті билік жобаны қолдауға дайын екендігін айтып, ірі жобаны жүзеге асыру бойынша бірлесіп шаралар жүргізуге қатысты жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Айта кету керек, аталған компания Ташкент облысының Пскент ауданында жылына 50 000 тонна катодты мыс өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.