Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма

0

 Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Қазақстанның ұстанымын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма? — деп сұрады БАҚ өкілдері СІМ ресми өкілінен.

Бұл саммитке еліміздің қатысуы халықаралық іс-шаралар кестесі мен осы мәселе бойынша ҚР ресми ұстанымын ескере отырып қаралады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Украинамен де, Ресеймен де тарихи жағынан бірдей тығыз саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды қолдайтынын еске салғым келеді. Біз әрқашан барлық елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және БҰҰ Жарғысының қағидаттарын орындау тұрғысынан сөйлейміз, — деді Смадияров.

Оның сөзінше, осы жағдайды Қазақстаг халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттары негізінде бұл қақтығысты осы елдер арасындағы екіжақты қатынастар деңгейінде тек қана бейбіт жолмен шешуді дәйекті түрде қолдайды.


ПІКІР ЖАЗУ