Жол көлік оқиғалары – қоғам өміріне қауіп

0

 Жол көлік оқиғалары қазіргі таңда қоғамның үлкен мәселелерінің бірі, жыл сайын мыңдаған жол апаттары орын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, 2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңінде Маңғыстау облысында 276 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 59 адам қаза тапты. Олардың арасында 12 кәмелетке толмаған бала бар.

Бүгінгі күнге аталған санатта 173 тұлғаға қатысты сот үкімі қабылданды (жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы үшін ҚК-нің 345-бабымен — 86 іс, алкогольдік, есірткілік масаң күйде жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы үшін ҚК-нің 345-1-бабымен — 5 іс, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы үшін ҚК-нің 346-бабымен — 82 іс).

87 тұлғаға қатысты соттармен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Мысалы, ағымдағы жылы «Б» есімді жүргізуші кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншілерді қағып, олардың өліміне себеп болды. Сот оны ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері ретінде жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік жүргізу, жол ережелерін бұзу және басқа да адами факторлары аталады.

Прокуратура ескертеді, жол қозғалысы ережелерін бұзу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықты көздейді.


ПІКІР ЖАЗУ