Алматы әкімі Түрксіб ауданында жиын өткізді

0
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданында жиын өткізіп, аудан әкімдігі, салалық басқармалар мен коммуналдық қызмет басшыларымен инженерлік желілердің жағдайы, жолдарды жөндеу, санитарлық тазалық пен коммуналдық қызметтердің жұмысын талқылады.
📌 Негізгі мәселелер: Қайрат пен Жас Қанат шағын аудандарында қоқыстың уақытылы шығарылмауы, аулалардың дұрыс абаттандырылмауы және «Желтоқсан» саябағында жарықтың жеткіліксіздігі.
🚧 Әкім мердігерлердің жауапкершілігін арттырып, проблемалық нысандарда жұмыстарды толық аяқтауды қатаң бақылауды тапсырды.
🔌 Сондай-ақ Қайрат, Әлмерек және Нұршашқан ықшамаудандарын тұрақты электр қуатымен қамту үшін «Тұздыбастау» қосалқы стансасын іске қосу мәселесі қаралды.
🏥 Денсаулық сақтау нысандарының жағдайы мен оларға іргелес аумақтарды абаттандыру мәселесі қаралды. Тұрғындарды жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, нақты мерзімдер белгіленді.

ПІКІР ЖАЗУ