Алматыда студенттерге арналған жаңа дағдарыс орталығы ашылды

М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің №4 жатақханасында 55 орындық дағдарыс орталығы ашылды. Мұнда студенттерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп, уақытша баспана беріледі. Кәсіби мамандар құпия кеңес өткізіп, қажет жағдайда заңгерлік және медициналық көмекке жолдама жасайды.


