Алматыда Сайран көлінің маңындағы жер үй түгі қалмай өртеніп кетті

0

 Алматыдағы Сайран көлінің маңында жер үй түгелдей өртеніп кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. Оқиғаның куәгерлері жалын ғимаратты жылдам шарпып, үй әп-сәтте отқа оранғанын айтты.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Варламов көшесіндегі жер үйде болған.

ТЖД күштері мен құралдары жеке үйді шарпыған өртті сөндіріп жатыр. Жалын көршілес құрылыстарға тарау қаупі туындады. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылды, ең жақын су көзі (өрт гидранты) небәрі 100 метр қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына 50 адамдық жеке құрам және 4 техника жіберілді, – деп хабарлады ТЖД.


ПІКІР ЖАЗУ