Қыркүйек соңында Қазақстанда жаңбыр мен аяз күтіледі

Үкімет отырысында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәбиев қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қыркүйек айының 23-нен 30-на дейін еліміздің астық егетін аймақтарында егін жинауға жайсыз ауа райы күтіледі.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде осы кезең бойы жаңбыр күтілуде.
Ақтөбе облысында 26 мен 30 қыркүйекте жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің 25-і мен 29-ы аралығында, Қарағанды, Ұлытау облыстарында қыркүйектің 23, 27 мен 30-ы аралығында,
Павлодар облысында 23 мен 25 қыркүйек, 28 мен 30 қыркүйек аралығында – жаңбыр.
Еліміздің шығысында 23-24 қыркүйекте, 29-30 қыркүйекте жаңбыр күтіледі.
Жауын-шашын күндері қатты жел соғады.
23–30 қыркүйек аралығында күндізгі және түнгі температура біртіндеп төмендеп, түнгі уақытта аяз түсуі мүмкін.
Еліміздің басым бөлігінде, қазан айының орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Ал батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік бөлігінде әдеттегіден жылы болады.
Жаңбыр еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы жерлерде бір ай бойы жиі жаууы ықтимал.