Дүкендерде азық-түлік бағасын төмендететін арнайы сөрелер пайда болады

0

Қазақстан дүкендерінде арзандатылған бағамен азық-түлік сөрелері пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді.

Акция ресми түрде 25 қыркүйектен басталады.

Қазақстанда «Береке Fest» акциясы басталады. Оған 80-нен астам сауда желісі қатысады, — деп атап өтті министр.

Айтуынша, сауда орындарында фермерлерден тікелей жеткізілген өнімдер қойылатын арнайы бөлімдер жасақталады.

Тауарға қосылатын үстеме 15%-дан аспайды. Бұл заңмен бекітілген норма. Демек, өндірушілер тікелей тұтынушыларға шығады. Бағалар жеткілікті деңгейде қолжетімді болады деп күтеміз, – деді Арман Шаққалиев.

Еске салайық, бұған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ет бағасын көтеретіндерге шара қолданылатынын айтты.

Ал Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте құс етінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады. Сөзінше, елімізде құс еті қымбаттамайды.

Сондай-ақ, АШМ ет экспортына квота енгізу ішкі бағаға әсер етпейтінін атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ