Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Сейсмологтар Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
2025 жылдың 14 қазанында Астана уақытымен сағат 12:17-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы — 4.0, энергетикалық класы — 9.3, — деп жазылған Қазақ Ұлттық деректер орталығының хабарламасында.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 195 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының хабарлауынша, елді мекендерде жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балды құраған. Жер сілкінісі Қара-Мойнок, Таш-Дөбе және Дон-Алыш ауылдарында сезілген.