Алматы әуежайында жанармай таситын көлік ұшақпен соқтығысты

0

Алматы әуежайында тұрақтан шыққан жанармай құю көлігі Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағымен соқтығысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 01:25-те, әуе кемесіне жанармай құю аяқталған соң болған. Инженерлік қызмет тексерісі кезінде ұшақ қозғалтқышының қаптамасында ұсақ беткі сызаттар анықталған.
Қажетті техникалық тексерістерден кейін ұшақтың ұшуға рұқсат етілді.

Қазір әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиғаның мән-жайын анықтау үшін егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп жатыр.

Жолаушылар мен экипажға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әуежай жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігі – біздің басты басымдығымыз, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ