ШЫМКЕНТТЕГІ «КАЗМЕДПРИБОР» ЖШС КҮНІНЕ 20 ӨЖЖ АППАРАТЫН ШЫҒАРАДЫ

0

Елімізде медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорынның бірі «Казмедприбор» ЖШС Шымкентте орналасқан.

Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Жыл басынан «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.

Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені жасанды желдететін құрылғы жасап жатыр. Медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласына орнатылған.

Айта кетейік, аталған кәсіпорын 2005 жылы «Бизнестiң жол картасы — 2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында ашылған болатын. Бүгінде өндiрiс орны рентген аппараттары мен медициналық жиһаз- жабдықтар шығарып, дәрілік өнім өндірумен айналысады. Халықаралық стандартқа сәйкестiк сертификатын алған зауыт бүгінде еліміздегі ауруханалар мен емханаларды УДЗ аппаратынан бастап операция бөліміне қажетті құрал-жабдықтарына дейін қамтып отыр. Соңғы үлгідегі инновациялық жобаларды іске асыруда кәсіпорын Жапония, Испания, Корея сынды алпауыт мемлекеттердің зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгінде мұнда 150-ге жуық адам еңбек етеді.


ПІКІР ЖАЗУ