ШЫМКЕНТ: «Имандылық – жүрекке ұяласа» кездесу кеші өтті

0

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарының қоғамдық бірлестігіне «Имандылық – жүрекке ұяласа» кездесу кеші өтті.

Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Гүлайым Әскерқызы, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының» төрағасы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Жұмағали Білісбеков, әнші Заттыбек Көпболсынұлы, БАҚ өкілдері қатысты.

2017 жылдан бері аталған бірлестік жұмыс жасауда. Қазіргі күнде ғимаратқа қалалық әкімдіктің, демеушілер мен қамқор жандардың қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Күні бойы оңалуға жағдай жасалған орталық бүгінде жасы 18-ден асқан 12 адамға лайықталған. Балдарға арнап, тренажер құралдары, демалатын бөлмелері заманауи түрде жасалған.

Мұндай жандар орталыққа Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасымен келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды ата-аналары орталыққа таңертең алып келіп, кешке алып қайтады.


ПІКІР ЖАЗУ