САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН ЖАРАТЫЛЫСТАНУҒА АРНАҒАН

0


Шымкент қаласында 35 жылдық еңбек жолын ұстаздыққа арнаған Рахат Ноғаева кез келген ортада өзінің алғырлығы біліктілігіның арқасында үлкен абыройға ие. Рахат Оразалықызы бүгінде қаладағы №131 жалпыға білім беретін мектепте химия пәнінің мұғалімі.

Өмірлік тәжірибесі мен кәсібилік шеберлігі мол ұстаз жас мамандарға бағыт беру жолында белсене араласып, шеберлік сабақтарын өткізіп келеді. Педагогикалық шеберлік орталығының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын меңгерген жаңашыл ұстаз коучингтер ұйымдастыру арқылы білім мазмұнын жаңартылуын насихаттап отыр. Рахат Оразалықызының да ерекшелігі осында. Шәкірттеріне бойындағы бар білімін бөлісумен қатар, тәлімгер әрі ақылшы ретінде жас ұстаздарға үйретуден жалықпайды.

Ұстаз тәрбиелеген шәкірттер республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы халықаралық және республикалық байқауларда жүлделі орынға ие болған.

Өткен жылы ел астанасында «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық Ғылыми зерттеу орталығының
«Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Қазақстан педогогтарының алтын кітабы» атты республикалық байқауында І дәрежелі Диплом мен төсбелгісі табысталды. Дәл сол жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Білім беру ісінің үздігі – 2020» байқауына Р. Ноғаева ұсынған жұмыстар үздік деп танылған.

Ал биыл қалада білім сапасын жетілдіру мақсатында ұйымдастырған қалалық «Үздік сабақ жоспары» байқауында еңбегі үздіктер қатарынан көрінді.

Өз бойындағы білім нәрін зейінді де парасатты шәкірттер тәрбиелеуге арнаған, әр оқушының бағы мен қабілетін ашуға ұмтылып, қиыны мен қызығына төзе білген ардагер ұстаз – 35 жыл ішінде талай түлекті қанат қақтырып, мамандығын дұрыс таңдауға бағыттай білген.


ПІКІР ЖАЗУ