МЫҢҒА ЖУЫҚ БҮЛДІРШІНДІ ДҰРЫС СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТКЕН

0


Әдетте мүмкіндігі шектеулі баланың сау балаға қарағанда орта білім алу мүмкіндігі 2 есе аз. Осындай бүлдіршіндерді қалыпты ортаға бейімдеп келген Елена Волошина 33 жылдық еңбек жолын психикалық тежелуі бар балаларға арнаған.

Елена Петровна Шымкент қаласындағы № 28 «Гауһар» (арнайы коррекциялық) балабақшасында логопед болып қызмет атқарады. Білікті маман жүргізген түзету жұмысы нәтижесінде балабақша түлектері жалпы орта мектептерінде білім алуда. Ол 33 жылдан бері әр жыл сайын 25-тен астам баланы қалыпты білім алуға тәрбиелеп шығарады.

Бүгінде арнайы балабақшадағы әдістемелік кеңесінің мүшесі Елена Петровна жыл сайын өтетін халықаралық конференцияларға қатысып, педагогикадағы арнайы түзету жұмыстары бойынша өзекті тақырыптарды көтеріп келеді.

Сонымен бірге баланың сөйлеуде тілін түзету бойынша ағарту жұмысын белсенді жүргізіп отырады. Еліміздегі арнайы мектеп пен балабақша ұстаздарына шеберлік-сабақтары мен семинар-тренинг ұйымдастырып, саладағы инновациялық технологияларды, өзі енгізген стандартты емес әдістерімен бөліседі.

Ұстаз Елена бүгінге дейін халықаралық және республикалық тәжірибелік конференцияларда баяндама жасап, 12 ғылыми мақаласы жарық көрген.

Биыл Волошина «Жастардың бастамаларын қолдау инклюзивті қоғам құру және дамыту» атты әлеуметтік жобаға қатысып, сарапшы болып бекітілді. Сондай-ақ, осы жылдың сәуір айында қаладағы Әдістемелік орталығының үйлестіру кеңесіне мүше болды.

Балаларға деген сүйіспеншілігі, өз ісіне шеберлігі және жылдар бойы атқарған еңбегі үшін Елена Волошина «Білім беру үздігі» мен «Ұлт Ұстазы» төсбелгісімен марапатталған.


ПІКІР ЖАЗУ