ШЫМКЕНТ: Ғ.ИЛЯЕВ КӨШЕСІНДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0

Ғ.Иляев көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Сасбұқаев көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жобаға сәйкес, аумаққа асфальт-бетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тас төсеу қаралған.
Сонымен қатар, көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы және Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін 1,5 метрлік веложол салу жоспарланған.
Ғ.Иляев көшесінің құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке – А» ЖШС тарапынан атқарылуда. Техникалық қадағалаушы – «Tech Build» ЖШС-гі.
Қаламыздың әрбір бөлігін, кезегімен «қолайлы» дәрежеге жеткізу мақсатындағы жұмыстарымыз жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ