Аттракциондағы әйел өлімі: Қамалған нұсқаушы жазасын жеңілдетуді сұрады
Қарағандыда 30 метр биіктіктен секіріп, мерт болған 33 жастағы әйелдің өлімініне кінәлі деп айыпталып отырған аттракцион нұсқаушысы аппеляцияға өтініш берді, деп жазады ernur.kz
Ұсталған азамат тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторында болады. Ол тергеу аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын үй қамауына ауыстыруды өтінді. Алайда апелляция алқасы санкцияны өзгеріссіз қалдырды. Қарағандыда әйел өліміне әкеп соққан роуд-джампинг аттракционының 32 жастағы нұсқаушысына тергеу кезінде «қамауда ұстау» санкциясы бекітілген болатын. Айыпталушы сот алқасынан аталмыш шешімді қайта қарап, үй қамауына немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат алу ретінде жеңілдетуді сұрады. Алайда апелляция алқасы санкцияны өзгеріссіз қалдырды. «Қарағанды тергеу сотының «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулысы өзгеріссіз қалды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылмайды», — деп мәлімдеді облыстық сот. Ұсталған азамат тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторында болады. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету» бойынша тергеледі. Сот-медициналық сараптама, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 33 жастағы әйел «Созвездие» қонақ үйінің төбесінен секіріп, жердегі бетон құрылысқа соғылған болатын. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмды . Бір күннен кейін тергеуші нұсқаушыны қамауға алды , себебі қонақ үйдің сыртқы бейнекамерасының кадрларында аттракционның белбеуі дұрыс бекітілмегені байқалды. 13 қазанда сот күдіктіге «қамауда ұстау» санкциясын қолдану туралы шешім қабылдады. Тағы да оқыңыз Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті 2 айға қамауға алынды Аттракциондағы әйелдің өлімі: Депутаттар шенеуніктерді жазалауды сұрады Қарағандыда әйелдің өлімінен кейін аттракцион қызметшісі қамалды «Туған күніне сыйлық еді: Аттракционда қайтыс болған келіншектің туысқандары мән-жайды айтты Балалары жетім қалды: Қарағандыда болған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер анықталды Қарағандылық әйелдің өлімі: аттракцион иесі жауапқа тартылуы мүмкін – видео Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Полиция тергеуді бастады Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген 33 жастағы әйел көз жұмды.