Түркістандық спортшылар әлем чемпионатында жүлделі орынды иеленді

0
273

Ресей Федерациясының  Қазан қаласында Белбеу күресінен Әлем чемпионаты өтті. Әлем біріншілігінде Түркістан облысының балуандары 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Жүлдегерлер «Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшылары, деп хабарлайды  13kz.kz

— Облыс көлемінде белбеу күресі спорты жанданып келеді. Бұл бағытта жаттықтырушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, спортшылар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Балуандарымыз намысты қолдан бермей талай додаларда Көк туымызды желбіретіп, топ жарып жүр. Ал, Ресей төріндегі жүлденің орны бөлек, — деді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Самат Рысбеков. Турнирде белбеу күресінің классикалық түрінен боз кілемге шыққан Қалмұхан Тұрмаханбет 57 келі салмақта күміс медаль олжалады. Сондай-ақ, 82 келі салмақта белдескен Ернар Байжігіт пен  90 келіде өнер көрсеткен Айдос Құлманбетов қола медальға  қол жеткізді. Бапкері — Қуат Байқожаев.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,

Түркістан қаласы.



ПІКІР ЖАЗУ