Әскери оқу-жаттығу жиыны аяқталды

0

Төлеби ауданында Түркістан облысының аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды  shymkenttv.kz

Он күнге созылған жиынды өткізудегі негізгі мақсат – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери бірігуі бойынша шаралар өткізу және ұйымдастыру бойынша лауазымды тұлғалардың білімі мен практикалық қабілетін жетілдіру. Қорытынды жиынға қарулы күштер ардагерлері қатысып өз білгендерін жас қызметкерлерге үйретті. Атап айтқанда тактикалық-саптық жаттығулармен қатар қаруды қолдану сынды тәжірибелерімен де бөлісті. Тактикалық оқу-жаттығу жиыны соңында белсенділік танытқандар «Алғыс хатпен» марапатталды.



ПІКІР ЖАЗУ