Алаш арыстарына ескерткіш қойылды

0

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» кешенінде «Алаш арыстары» ескерткішінің лентасы қиылды. Ескерткіште ұлт үшін өмірін күреске айналдырған көшбасшыларымыз бен қайраткерлеріміз бейнеленген, деп хабарлайды  shymkenttv.kz

Бұл бастама Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отыр. Сондай-ақ, рухани шараға жиналған қауым «Анаға тағзым» және Қажымұхан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған ескерткіштің де ашылу салтанатына қатысты. Сарапхана ауыл іргесінен өтетін күре жолдың бойындағы көрнекті жерде Алаш арыстарының бейнесі тұр. Көрген адамға ой салып, жүрегіне жігер сыйлары сөзсіз. Қоладан құйылған еңселі ескерткіштің биіктігі  тұғырын есепке алмағанда 5 метрден асады. Таза қоладан құйылған. Айналдыра салынған қабырға тастарында Алаш қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылған.

Өмірзақ Озғанбай – ҚР «Ардагерлер ұйымы» төрағасының бірінші орынбасары

Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен қаламгерлер қатысты. Атап айтсақ, Мәмбет Қойгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сауытбек Әбдірахманов, Нармахан Бегалыұлы және өзге де тұлғалар сөз сөйлеп, рухани маңызды бастаманы жоғары бағалады.

Спикер: Қуаныш Айтаханов — қоғам қайраткері

Жиналған жұрт Алаш қайраткерлері Мәңгілік Елмен бірге мәңгі жасайтынын жеткізді. Елінің азаттығы мен өркендеуі жолында қызмет еткен тұлғалар Ел жадынан шықпасы анық. Олар жеріміздің тұтастығының сақталуына ықпал етті. Төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді, — дейді қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев.

Бекет Тұрғараев –  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері , Қазақстанның Құрметті судьясы

Сонымен бірге осы күні «Анаға тағзым» және Қажымұқан Мұңайтпасовқа арналған ескерткіштердің де ашылу салтанаты өтті. Даңқты балуанның 150 жылдығына арналған ескерткішке және ананың мейірімі суреттелген өнер туындысына қонақтар оң бағасын берді.

 

Перизат Ортай                      

 



ПІКІР ЖАЗУ