Сарыағаштағы мәдениет және білім қызметкерлері референдумды қолдайды

0

Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов пен Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова Ақниет елді мекенінің мәдениет үйінде білім мен мәдениет саласының қызметкерлерімен, мектеп басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі екені түсіндірілді. Кездесуде Құркелес ауылдық округі әкімі Қ.Иматов, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер туралы айтып өтті. Кездесу соңында кездесуге қатысушылар референдумды қолдайтындарын, халық үніне құлақ асуға негізделген халықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларын білдіретіндіктерін жеткізді.

Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Осы ретте аудан тұрғындарын өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырамыз.



ПІКІР ЖАЗУ