Бақ өкілдерінің арасында спартакиада басталды

0
48

Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды.

«Turkistan Arena» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай қатысып, БАҚ өкілдеріне сәттілік тіледі.

Бүгін қазақ күресі, үстел теннисі, бильярд, шахматтан өтеді. Ал 17-18 маусым күндері спартакиаданың жалғасы бойынша шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары өткізіледі.

Биылғы төл мерекесінде Түркістан облысының БАҚ өкілдері 27 мамыр мен 17-18 маусым күндері спартакиада аясында спорттың 7 түрінен бақ сынайды. 27 мамыр күні — қазақ күресі, үстел теннисі, бильярд, шахматтан өтеді. Айта кету керек, сол күні, яғни 27 мамыр күні Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орай «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» атты жаяу жүру акциясы да өтеді. Ал 17-18 маусым күндері спартакиаданың жалғасы бойынша шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары өткізіледі.



ПІКІР ЖАЗУ