Консультациялық- кеңешсші органның отырысы өтті

0
 Бүгін аудан әкімі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша құрылған консультациялық-кеңесші органының кезекті отырысы болып өтті.
Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2022 жылдың 5 айында пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға, бас бостандығынан айрылған азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 2022 жылға аудан әкімінің қаулысымен бекітілген жұмыс берушінің квотаны орындалуы және «Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамтылған азаматтар туралы ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашова хабарлама жасады.
Келесі мәселе бойынша ауданның пробация қызметі бөлім басшысының міндетін атқарушы Әзизхан Оразбай пробация қызметінде тіркеуде тұрған және рақымшылық етілген азаматтармен 2022 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.
Отырыс соңында Бибігүл Ибрагимова бекітілген квотаның толықтай орындалуын қадағалауды, жұмыс беруші тарапынан орындалмаған жағдайда заң аясында жауаптылықта болатындығын ескертті.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ