“109- бірыңғай байланыс орталығы” 200 мыңға жуық өтінім қабылдаған

0

📌 Түркістан қаласында «109 — БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ» арнайы семинар өткізді. Семинарда облыстық әкімдіктің қызметкерлеріне орталық жұмысынының тиімділігі мен орындалу барысы түсіндірілді.
📌 Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық #АшықӘкімдік, #ХалықтықӘкімдік тұжырымдамаларына сай іске асқан. 2020 жылдың 20 қарашасынан бастап іске қосылған жүйеде қазіргі таңда 158043 өтініш қабылданып, шешімін тапқан.
📌 Аталған жүйе қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігін азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізіліп, қазіргі таңда орталық тұрғындар игілігі үшін жүйелі жұмыс жасауда.
📌 Айта кетейік, жыл басынан бері орталыққа 57128 өтінім түсті. Оның ішінде 54278 өтінім уақытылы орындалып, 583 өтінім бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта аталған орталықтың қызметін облыс деңгейінде жаңғырту қолға алынбақ.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі



ПІКІР ЖАЗУ