Украинада 129 мәдени мұра нысаны бүлінген не жойылған
Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинада әскери қимылдардың салдарынан 129 мәдени мұра нысаны бүлінген не толық жойылған. 22-сі – ұлттық деңгейде маңызы бар ескерткіш. Бұл жөнінде сенбі күні Украина мәдениет және ақпараттық саясат министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, соғыс кезінде Украинаның 15 аймағында елдің мәдени мұрасын бүлдіру не жоюға қатысты 434 қылмыс тіркелген. Басым бөлігі Харьков облысында болған. Министрлік өкілі Екатерина Чуева «барлық материал дәлел ретінде қылмыстық өндірісте пайдаланылады» деді.
Украина билігінің мәліметінше, соғыс кезінде:
- 149 діни ғимарат бүлінген не жойылған, 50-і тарих, сәулет және қала құрылысы ескерткіші немесе құнды тарихи ғимарат ретінде тіркеуде тұр;
- 19-21 ғасыр аралығындағы тарихи тұлғалардың құрметіне арналған 46 ескерткіш бүлінген не жойылған;
- 33 музей мен қорық;
- 41 кітапхана;
- 65 мәдениет үйі, театр және өзге де мәдениет ғимараттары.
Соғыстың салдарынан бүлінген не жойылған ғимараттар арасында Каразин атындағы Харьков университетінің ғимараты, Харьков облысында философ Григорий Сковород музейі, Мариуполь көркем музейі, Мариупольегі драма театр, Луганск облыстық театры бар. Олардың тізімі мен суреттерін мына сілтеме арқылы көруге болады.