Филиппин үкіметі Ресейден әскери тікұшақ алудан бас тартты

0

 Филиппин қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, Ресей Украинаға басып кірген соң онымен әскери-сауда саласындағы әріптестікті доғармаса, АҚШ Филиппин үкіметіне санкция салуы мүмкін. Әскери тікұшақтар сатып алу келісімінің құны 227 млн доллар. Құжат Ресей басқыншылығына дейін жасалған, бірақ енді Филиппин үкіметі келісімді бұзады. 2021 жылғы қарашада қол қойылған келісімге сәйкес, Ресейдің «Совтехноэкспорт» кәсіпорыны филиппин армиясына 16 Ми-17 тікұшағын жеткізуі тиіс болған. Филиппиннің бұрынғы қорғаныс министрі Дельфин Лорензананың мәлімдеуінше, Ресейден әскери техника сатып алудан бас тартқанын үкімет Вашингтонға хабарлаған, енді АҚШ Филиппинге әскери тікұшақ жеткізе алады. Мамыр айында Филиппин басшысы Родриго Дутерте Ресей президенті Владимир Путинді Украинадағы бейбіт тұрғындардың өліміне кінәлағанОл Мәскеудің әрекетін «суверенді мемлекетке қарсы соғыс» деп бағалаған.

 Ми-17 — жолаушы және жүк таси алатын тікұшақ. Ол 26 жолаушы және 8 тонна жүк таси алады. Биыл сәуір айында Үндістан да Ресейден 48 Ми-17В5 тікұшағын сатып алуды кейінге қалдырды.



ПІКІР ЖАЗУ