Келестегі кәсіпорында жылыжай шаруашылығына қажетті заттар шығарылды

0
Елімізде жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, жылыжай шаруашылығына қажетті заттар Түркістан облысында шығарылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында сол кәсіпорынға барып, жай-күйімен танысты.
Келес ауданы, Ораз ата елді елді мекенінде орналасқан «Келес Пласт» ЖШС қайта өңдеу цехында пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өсіруге арналған стакан өнімдері шығарылады. Жергілікті тұрғын Нұржан Умаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаурашылығына қажетті заттар шығарылып, шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр.
Жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 127 млн. теңге жұмсаса, ал несие қаражаты есебінен 23 млн. теңге алып, жобаны жүзеге асырған. Кәсіпорын 2018 жылы қолданысқа берілген. Өңір басшысы кәсіпкердің қадамын жоғары бағалап, отандық өнімдерді көбейту – уақыт талабы екенін жеткізді.
Облыс басшысы Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Оразов Ермахан» шаруа қожалығында да болды. Ашық егістік жерден жылына 2-3 рет көкөніс өсіретін және жылыжай шаруашылығымен де айналысатын шаруа қожалығының басшысы Сейдахмет Бижігітов 6 гектар аумаққа қырыққабат, дәндік жүгері, жоңышқа, қияр сынды өнімдерді өсіріп, 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны – 9 млн. теңге. Бір жылда 820 тонна көкөніс өсіріледі. Кәсіпорын мен шаруа қожалығында кәсіпкерлермен, диқандармен кездескен Д.Сатыбалды ауыл шаруашылығын қолдау, осы бағыттағы жобаларды көбейту жұмыс жалғасатынын айтты. Кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ