Франция Мемлекеттік кеңесі мектептерде абайя киюге тыйымды қолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция мемлекеттік кеңесі оқу жылының басында үкімет енгізген, мектептерде абайя киюге салынған тыйымды қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Елдің Жоғарғы әкімшілік сотының мүшелері бұл тыйым негізгі еркіндік құқықтарының (жеке өмір мен білім алу құқығы, дін еркіндігі және т.б.) ешбірін бұзбайды деп есептейді. Олардың пікірінше, ұзын, бүкіл денені жауып тұратын киім кию – «діншілдік көрінісі». Мемлекеттік кеңеске Action droits des musulmans (Мұсылмандар құқығын қорғау қозғалысы) жолдаған арыз қабылданбады.
Кейінгі әлеуметтік сауалнама қорытындысына сәйкес, оңшыл және солшыл француздардың 81% мектептерде абайя киюге салынған тыйымды қолдайды.
Жұма күні Клермон-Ферранада абайяны шешуден бас тартып, мектепке кіргізілмеген қыздың әкесін полиция бөліміне жеткізілген. Ол қызын кезекті рет мектепке кіргізбегеннен кейін директорға хабарласып, қоқан-лоқы көрсеткен.
Еуропаның басқа елдері оқушы қыздардың оранып жүруіне қалай қарайтынын бұған дейін жазған болатынбыз.
Ал Өзбекстан бірер күн бұрын бетті тұмшалап көшеге шығуға тыйым салатын заңды қабылдады.