Тағы бір мемлекет ТМД-дан шығуды жоспарлап отыр
Молдова 2024 жылдың соңына дейін ТМД-дан біржола шыққысы келеді. Жақында республикада қорғаныс және білім беру салаларындағы үш келісімнің күші жойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі «Sputnik Молдоваға» сілтеме жасап хабарлайды. Депутат және сыртқы саясат және еуроинтеграция жөніндегі парламенттік комиссияның басшысы Дойна Германның айтуынша, Молдова келесі жылдың соңына дейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан біржола шығуды жоспарлап отыр. «Жақында біз қорғаныс және білім беру саласындағы үш келісімнің күшін жойдық. Біз іс жүзінде соңғы сатыда тұрмыз. Біз 2024 жылдың соңына дейін бәрін аяқтауды мақсат етіп отырмыз», — деп келтірілген оның сөзі Sputnik Молдова Telegram-арнасында. Германның айтуынша, ел ТМД-дан шығудан экономикалық тұрғыдан зардап шекпейді, сонымен қатар Достастыққа жарна төлеудің қажеті жоқ. Ресми интернет-порталдағы ақпаратқа сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын 1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусь, Ресей Федерациясы және Украина басшылары құрған. Екі аптадан кейін, 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес жоғарыда аталған үш мемлекеттен басқа ТМД-ға Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кірген. 1993 жылы Грузия Достастыққа қосылып, 2008 жылдың 18 тамызында құрамнан кеткенін мәлімдеді. Тағы да оқыңыздар: