АҚШ конгресмендері Қазақстан туралы кітаптар оқыды

0

Вашингтонда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Конгресс кітапханасының қорына Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті туралы кітаптарды салтанатты түрде табыс ету шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Кітаптар Американың ең көне зерттеу кітапханасының қорына берілді. Олар америкалық оқырмандардың Қазақстан туралы білімін кеңейтіп, болашақ ұрпақ үшін мәдени ынтымақтастықтың көпірі болуы тиіс.

Фото: Рүстем Қожыбаев/ Kazinform

Бірінші кітап – «Абай арманы» ұлттық мәдениет пен әдебиетте маңызды орны бар қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және философы туралы баяндайды.

«Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары» – кітапта көрнекті қазақ этнографының Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі көрсетілген, оны шетелдік авторлар Н.Филдинг пен доктор А.Тейт жазған.

«Қазіргі қазақ әдебиеті» қазақ мәдениеті мен дүниетанымының прозасын қамтиды.

«Асы үстірті» америкалық оқырмандарды Алматының шығысындағы әсем табиғат пейзаждарымен таныстырады.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі өкілдерінің атап өтуінше, Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын және мәдени ынтымақтастық серіктестікті одан әрі нығайтуға серпін бола алады.

Конгресс кітапханасының өкілі Хирад Динавари Орталық Азия туралы каталогтарды толықтыратын Қазақстан жайлы тамаша кітаптар үшін алғысын білдірді.

Оның атап өтуінше, кітапханада араб тілінде Қазақстан туралы алғашқы материалдар жинақтары бар. Араб қарпімен жазылған қазақ тілінде ел туралы жинақтар да бар. Біздің мемлекетіміз туралы орыс тілінде кітаптар, ағылшын тілінде жекелеген анықтамалықтар бар.

Сыйға берілген Қазақстан туралы ағылшын тіліндегі кітаптар – үлкен сыйлық, өйткені америкалық оқырмандардың көпшілігі шет тілдеріндегі әдебиетті оқымайды.

Салтанатты шараға Джордж Вашингтон университетінде тағылымдамадан өтіп жатқан және Конгресс кітапханасында Орталық Азия бойынша ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасының стипендиаттары қатысты.

Л.Н.Гумилев атындағы түркітану кафедрасының профессоры Ажар Шалдарбекованың атап өтуінше, осындай кездесулер Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы дипломатиялық мәдени қатынасты нығайту үшін өте маңызды.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Конгресс кітапханасының қорына Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы қызықты әрі маңызды ғылыми еңбектерді табыстау шарасының маңызы зор.

«Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік аренада өз позицияларын күшейтіп, мәдени байланыстарын кеңейтіп отыр. Енді американдық оқырмандар Қазақстан туралы ақпаратты ағылшын тілінде оқи алады. Мұндай шаралар жалғасын тауып, дәстүрге айналуы тиіс деп ойлаймын», — деді А.Шалдарбекова.


ПІКІР ЖАЗУ