Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос Amazon бас директоры қызметінен кетеді

0
Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос Amazon бас директоры қызметінен кетеді

Forbes мәліметі бойынша әлемдегі ең бай адам Джефф Безос Amazon компаниясының бас директоры қызметінен кетуге шешім жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Безос жаңа лауазымға тағайындалады — ол Amazon компаниясының атқарушы төрағасы болады. Жаңа бас директор қазіргі уақытта Amazon Web Services қызметін басқарып жүрген Энди Ясси болады. Кадрлық өзгерістер 2021 жылдың екінші жартыжылдығында өтеді.

«Кету туралы әңгіме болуы да мүмкін емес. Атқарушы төраға бола отырып, мен Amazon-тың маңызды бастамаларына қатысуды жалғастырамын. Менде Day 1 Fund, Bezos Earth Fund, Blue Origin және басқа да қызықты жобаларымды дамытуға да уақыт болады», — деді 57 жастағы кәсіпкер Amazon компаниясының төртінші тоқсандағы есебінде.

Сондай-ақ, мәлімдемеде компания Уолл-Стрит сарапшыларының сатылымдар мен кірістер туралы болжамдарынан асып түскені, пандемия Amazon бөлшек және бұлтты бизнесінің дамуына серпін бергені жазылған. Былтыр компанияның акциялары шамамен 69 пайызға өсті.

Безос 1995 жылы Amazon құрылғаннан бері компаниясның бас директоры болды. Ол интернеттегі кітап дүкенін 1,7 триллион долларлық айналымы бар әлемдік бөлшек сауда және логистика алпауытына өсірді, бұл Безосты әлемдегі ең бай адам етті. Ол сонымен қатар COVID-19-ға сынақ жүргізетін өзінің зертханасын ашты.



ПІКІР ЖАЗУ