Қырғызстан мал импортына шекаралық бақылауды күшейтпек
Қырғызстан ел шекарасындағы ветеринарлық бақылау бекеттерінде малдың әкелінуіне бақылауды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, ҚР мемлекеттік шекарасындағы 32 шекаралық ветеринарлық пункттерге ветеринарлық қызметке елге кіргізілетін мал мен мал өнімдерінің процедуралық өндірісін қарау кезінде мынадай құжаттар ұсынылуы керек:
— Қырғыз Республикасы бас ветеринарлық инспекторы келісімі мен ресми берілген рұқсат қағазының түпнұсқасы;
— ел аумағына тасымалдаумен айналысатын (импорт) жеке және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша ветеринарлық қызметті мемлекеттік реестерде тіркеу;
— ЕАЭО ветеринарлық-санитариялық талаптарына сәйкес ветеринарлық ілеспе құжаттар;
Жануарлар шекаралық ветеринарлық бақылау пункттерінде ветеринарлық бақылаудан өткеннен кейін ветеринарлық-санитариялық талаптарға сәйкес карантинге жіберіледі.
Шекарадағы ветеринарлық бақылау пункттері мен аумақтарында ветеринарлық-санитариялық талаптарды сақтамаған, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуына жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты елдің заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.