ТҮРКІСТАН: әрбір өтініш сапалы және мерзімінде орындалуы тиіс
Тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, кері байланыс ортану, ашықтық, диалогқа дайын болу – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығының бірі. Түркістан облысында тұрғындармен кері байланыс, қоғаммен ашық қарым-қатынас жасау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Облыс әкімі аппараты тұрақты түрде қала, аудан әкімдері апрарат басшылары, тұрғындар тарапынан түскен өтініштермен жұмыс істейтін бөлім басшыларының қатысуымен жиындар, семинар-кеңестер өткізіп тұрады. Азаматтардың өтініштерінің қаралуы мен мерзімінің сақталуына тұрақты түрде талдау жасалады.
Түркістан облысы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың тарапынан 7 айдың ішінде түскен өтініштердің қаралуына талдау жасалды. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарының сақталуы қатаң қадағалауда. Бұл туралы аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен өткен жиын барысында талқыланды. Маңызды жиынға ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Ғазиз Жұмашов қатысты.
Осы уақыт ішінде түскен өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй алу, жер алу, білім, әлеуметтік қорғау, құрылыс және денсаулық сақтау салаларының мәселелерін қамтиды. Түркістан, Кентау, Арыс қалаларының және Мақтаарал, Сарыағаш, Жетісай аудандарының тұрғындары белсенділік танытқан. Жыл басынан бері жалпы 37 мыңнан астам өтініш-хаттар түскен.
– Өтініштерге сапалы жауап беру мен қарау мерзімдерінің сақталуы қатаң бақылауда. Кодекс талаптарын сақтай отыра жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер қаралып, мерзімінде жауап жолданады, яғни қараусыз қалдырылмайды, – деген аппарат басшысы өтініштердің қаралуы бойынша ұдайы оқыту семинарларын жүргізу және жаңа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы тапсырмалар берді.
Жиында жұмыс сапасын жақсартуға бақытталған ұсыныстар қаралды. Мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға кодекс талаптарын сақтай отыра, өтініштер мен тапсырмалардың сапалы және мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету қажет. Статистистикалық деректерді толықтыру сапасы мен өтініштердің қаралуына қатаң бақылау жүргізіледі. Негізсіз басқа мекемеге бағыттау фактілерінің алдын алу мен шешім жобалары бойынша тыңдау өткізу қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, тұрғындар өз өтініштерін egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп жазбаша қалдырады.