Облыста 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды

0

Түркістан облысында 2022 жылы 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Яғни, 5935 пәтер пайдлануға беріледі. “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан 5, 7, 9 және 12 қабатты үйлердің сапасы басты бақылауда. Жыл басынан бері елімізде 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Ал, ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі. Өңірде жыл басынан бері жалпы алаңы 365,8 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Межеленген жоспар 61,6 мың шаршы метрге артық жүзеге асырылған. Жоспар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 122,2 % -ға орындалған. Жалпы Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 7 айда 150 млрд. теңгеге жуықтады


ПІКІР ЖАЗУ