Германияда мыңдаған адам қатысатын митингілер өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Демалыс күндері бүкіл Германияда, соның ішінде Нюрнберг, Дортмунд, Ганновер, Эрфурт, Магдебург, Франкфурт, Мюнхен, Берлин, Кельн, Дрезден, Лейпциг және Бонн қалаларында 90-ға жуық шеру өткізу жоспарланып отыр.
Митингілер Германиядағы жекелеген оңшыл партиялардың экстремистік саясатына қарсы жоспарланған.
Өткен аптада немістің Correctiv тергеу порталы 2023 жылдың қарашасында Германияның шығысындағы Потсдам қаласында әсіре оңшыл партиялардың кейбір саясаткерлерінің жасырын кездесуі туралы жаңалық жариялады.
Тергеу авторларының мәліметінше, жасырын кездесу барысында Германияны мигранттардан тазартудың белгілі бір бас жоспары талқыланған. Осыған байланысты неміс қалаларында бірнеше мың адам оңшыл экстремизмге қарсылық білдіріп, көшеге шықты.
Осылайша, жұма күні кешке Германияның екінші үлкен қаласы Гамбургте наразылық шарасы өтті. Қатысушылар саны күткеннен айтарлықтай асып кеткен соң, шараны мерзімінен бұрын аяқтауға тура келді. Жергілікті полиция оқиғаның басында шамамен 30 мың адам болғанын растаса, кейін БАҚ 50 мың адам туралы хабарлады.
Германия канцлері Олаф Шольц оңшыл экстремистер мен «Германия үшін балама» әсіре оңшыл партиясы саясаткерлерінің нацистік нәсілдік идеологиямен параллельді түрде мигранттарды жаппай депортациялау жоспарларын тағы да қатаң айыптады.
«Мен өте анық және қатал айтамын: оңшыл экстремистер біздің демократиямызға шабуыл жасауда», — деді ол жұма күні жарияланған бейне хабарламада. Германияда ұлтшыл-социалистердің этнорасалдық идеологиясына ешқашан орын болмауы тиіс», — деді өз өзінде О.Шольц. Тікелей мигранттар мен иммигранттар шыққан елдердің тұрғындарына сөйлеген Германия канцлері: «Сіздер бізге тиесілісіздер! Сіздер елімізге керексіз!», — деп айтты.